BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.65 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 393.33 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.67
Астана:

Цифрландыру мемлекеттің алға жылжуына мүмкіндік береді – Абаев

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Бүгін Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен цифрландыру мәселелері жөнінде республикалық кеңес өткен болатын. Шарадан кейін Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев осыған қатысты журналистерге өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Бүгін аталған бағдарламаны алдын ала таныстыру рәсімі өтті. Ол әлі қабылданбаған. Елбасы айтылған ескертулерді назарға алып, бағдарламаны соңына дейін аяқтауға тапсырма берді. Қазіргі таңда барлығымыз цифрлық өзгерістердің алдында тұрмыз. Оған ешкім күмәнданбайды. Егер біз трендте болсақ, модератор айтқандай, аталған бағдарламаны қабылдаған 15 елдің қатарына кіреміз. Бұл мемлекеттің алға жылжуына мүмкіндік береді. Ол өз кезегінде бизнеске цифрландыру бағытында септігін тигізеді. Ал цифрландыру бізге не береді? Ашықтық, барлық шығындардың оңтайлануы, жұмысты жеделдету өте маңызды. Мәселен, «Қазатомпром» кәсіпорнында цифрландыру адамдардың өмірін құтқарады», - деді министр.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен цифландыру мәселелері жөніндегі республикалық кеңес өтті. Жиын барысында мемлекеттік органдардың, отандық компаниялардың және түрлі ұйымдардың 30-дан астам IT жобалары ұсынылды. Сол жерде Үкімет басшысы «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын көпшіліктің назарына ұсынды. Аталған шараны ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен «Зерде» холдингі ұйымдастырды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер