BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 340.27 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 396.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.39
Астана:

Цифрландыру кеңесінде «блокчейннің» артықшылығы туралы айтылды

Фото: Абзал Қалиев

Бүгін цифрландыру мәселесі бойынша республикалық кеңесте BitFury Group-тың негізін қалаушыларының бірі Валерий Вавилов «блокчейннің» басты артықшылығы жайлы айтып берді. Жиын Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтіп жатыр, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Бүгінде біз интернет арқылы кез келген хабарламаны, видеоны әлемнің түкпір-түкпіріне жібере аламыз. Алайда ең бағалы заттар – біздің активтеріміз әлі күнге дейін қағаз жүзінде жүр. Жылжитын да, жылжымайтын мүлікте, компаниялардың акциялары да – бір жапырақ қағаз ғана. Біз өзіміз де бір жапырақ қағаз – төлқұжатпен жүрміз. Бас кезінде интернетте қауіпсіз транзакциялар ескерілген жоқ. Сол себепті көп нәрсе қағаз жүзінде қалды», - дейді Валерий Вавилов.

Сонымен қатар Валерий Вавилов "блокчейннің" ерекшелігін атап өтті.

«Ал «блокчейн» мен «криптовалюта» сияқты технологиялар әу баста қауіпсіз транзакциялар үшін жасалды. Соның арқасында қағаз жүзінде жүрген біздің бағалы заттарымызды цифрлық жүйеге аударуға болады. Блокчейннің басты артықшылығы сол, ақпарат түскеннен кейін оны жоюға да, өзгертуге де болмайды. Осылайша, мәліметтер манипуляциясына жол берілмейді», - деді В. Вавилов.

Атап өтсек, бұған дейін Қазақстан цифрлық даму жөніндегі әлемдік рейтингте 50-ші орында екенін хабарлаған болатынбыз.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер