BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 374.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Цифрландыру экономикаға пайда әкеледі – Дәурен Абаев 

Қазақстанды цифрландырудан шынайы экономикалық пайда алуға болмады. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Астанада өткен «IoT Forum Astana-2017» форумында мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Осыдан 8 жыл бұрын интернет желісіне қосылған құрылғылардың саны сол интернетті пайдалана алатын адамдардың санымен бірдей болды. Футурологтардың болжауынша 2030 жылға қарай интернеттегі заттардың инфрақұрылымының әлеуеті 1 трлн. құрылғы мен 100 млн. мобильді қосымша болмақ. Mackenzie сарапшыларының бағалауынша интернет заттары 2025 жылға қарай жаһандық экономикаға 11 трлн. доллар үлес қосады», - деді Дәурен Абаев.

Сонымен бірге ол интернет инфрқұрылымын дамытуға әлемнің барлық елі ұмтылып отырғанын атап өтті.

«Сингапур, Қытай, Дания, Оңтүстік Корея секілді елдер осы бағытта басқаларға қарағанда өте жылдам жұмыс істейді. Бұл елдерден қалып қоймау, дербес цифрлық ландшафты жүйелі дамыту біз үшін өте маңызды. Осы мақсатта біздің елімізде инфрақұрылымды, адами капиталды, мемлекеттік қызметтерді дамыту мен инновациялық экожүйені және экономикамыздағы салаларды цифрландыруды қамтитын «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы әзірленді. Халықты, мемлекет пен бизнесті цифрландырудан нәтижелі экономикалық өсім аламыз деп үміттенеміз», - деді ол.

Министр Мемлекет басшысының осы бағдарлама арқылы алдымызға зор мақсат қойғанын және бағдарлама нәтижесінен экономикалық тиімділік те көруге болатынын айтты.

«Кеше ғана Индустрияландыру күнінде сөз сөйлеген Мемлекет басшысы қоғамның цифрландырудың мәнін, ол неге апарады және қандай жолдармен жетуге болатынын түсінуі маңызды екенін атап өтті. Егер біз Қазақстанды ең жоғары саяси деңгейде цифрландыруға ниетті болсақ, онда цифрландырудан шынайы экономикалық пайда ала алатынымызға сенімдімін. Бүгінгі осы бағытта өткен шара да жақсы қадам деп білемін», - деді Дәурен Абаев.

«IoT Forum Astana-2017» форумында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінен бөлек «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев, IoT саласындағы сарапшылар Тони А. Верб, Дуглас Корли секілді спикерлер қатысты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер