BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 338.78 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.82 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.35
Астана:

Нұрсұлтан Назарбаев: Халыққа смартфонды қалай қолдануды үйрету керек

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Цифрлық экономика құру үшін осы салада халықтың сауаттылығын арттыру қажет. Цифрландыру мәселесіне арналған республикалық кеңесте Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Цифрлық экономика құру үшін цифрлық сауаттылықтың болуы өте маңызды, адамдардың дағдысын көтеру қажет. Алысқа бармай-ақ қояйын, Ресей мен Қазақстанда бұл жайында біле ме? Жоқ. Тіпті біз енгізгіміз келіп отырған технологияларды пайдалануды білмейді. Үйрету қажет. Смартфонды қалай пайдалану керектігін де үйреткен жөн. Сондықтан бізде жұмыс өте көп. Әлі жиі айтып, жиі түсіндіріп, оқытуымыз керек. Мектеп оқушыларынан бастап зейнеткерлерге дейін қайта қолына кітап алып, бұған дейін оқытпаған дүниелерді меңгеруге күш салу керек», - деді Назарбаев.

«Біздің буынның, тіпті орта буынның цифрландыру жайында мүлдем түсінігі болған емес. Университетті бітірдің, диплом қалтада, жүре беретін де уақыт болған. Қазір ондай кез емес. Адам табиғатынан бейімшіл. Әсіресе, қазақстандықтар бейім келеді деп санаймын. Барлығы қазақстандықтардың математика мен физикадан мүмкіндіктері жоғары екенін атап өтуде. Олар көптеген халықаралық олимпиадада жеңіске жетіп жатыр», - деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, Қазақстан цифрлық даму жөніндегі әлемдік рейтингте 50-ші орында тұр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер