BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 338.78 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.82 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.35
Астана:

Назарбаев: Үшінші жаңғырудың өзегі - цифрландыру

Фото: Абзал ҚАЛИЕВ

Цифрландыру мәселесіне арналған республикалық кеңесте Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев үшінші жаңғырудың өзегі – цифрландыру екенін айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Мен жылдың басындағы Жолдауымда біз үшінші жаңғыруға кіріскенімзді айтқан болатынмын. Бірінші жаңғыру, ол біздің барлығын басынан бастағанымыз. Біз сол кезде социалистік экономика түрінен капиталистік экономикаға көштік. Жаппай жекешелендіру, адамдарға білім беру, ештеңе жоқ, жалақы мен зейнетақыға ақша жоқ. Дүкендер бос. 2 млн жұмыссыз, барлық кәсіпорындар тоқтап тұр. Бұл бірінші жаңғыруымыз. Одан кейін біз 2030 жылға дейінгі даму бағдарламасын әзірледік. Оны мерзімінен бұрын орындадық. Бұл біздің екінші жаңғыруымыз. Ал қазір осы кезеңге, яғни Қазақстанның тәжірибе, қаржы жинаған кезіне келіп отырмыз. Бүгінгі таңда биржалық тауарларға тәуелділіктен арылу үшін индустрияландыру бойынша жұмыс жүріп жатыр. Біз бай елміз, біздің мұнай, газ, металымыз бар. Бірақ, біз бұнымен ғана өмір сүру керек емес екендігін көріп отырмыз. Осылайша, үшінші жаңғыруға келіп отырмыз. Бұл жаңғырудың өзегі – цифрландыру болып табылады», - деді Мемлекет басшысы.

Елбасының айтуынша, цифрландыру кәсіпорындардың, жалпы елдің бәсекеге қабілеттілігі мен азаматтардың өмір сүру сапасын артырады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
11 Қаңтар 2018, 19:43
АЛМАТЫДА "ҚЫЗЫҚ КӘНСЕРТ"
Пікірлер