BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.63
Астана:

Назарбаев: Әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруіміз үшін инновациялық даму қажет

Фото: Абзал Қалиев

Елордада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен цифрландыру мәселесі бойынша республикалық кеңес өтіп жатыр. Жиында Мемлекет басшысы Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруі үшін инновациялық даму қажет екендігін айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Біз экономиканың тұрақты дамуы үшін сандық технологияны белсенді түрде енгізу керек екендігін түсінеміз. Кеңес үкіметі кезінде осы сала бойынша артта қалып қойғанымызды мойындау керек. Әсіресе, батыс ақпараттық технология, интернет саласында алға дамығанда біз артта қалдық. Бұған әртүрлі себеп болды. Бізге кедергі жасағандар болды, санкциялар да болды, ол жаққа (батысқа-агенттік ескертпесі) бара алмадық, біз де оларды өткізбедік. Біз осы уақытта біршама артта қалып барып, тәуелсіздікке,ашықтыққа қол жеткіздік. Біз бұған қуаныштымыз», - деді Назарбаев.

Елбасының айтуынша, Қазақстан 2050 жылға қарай әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруді көздеп отыр. Мемлекет басшысы бұл жедел инновациялық, технологиялық және экономикалық дамуды қажет етеді дейді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер