BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 340.27 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 396.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.39
Астана:

Елбасы ІТ-саласында шетелдегі отандық кадрлардың мүмкіндігін пайдалануға шақырды

Фото: Бауыржан Жуасбев

Отандық ЖОО ғылыми-зерттеу базаларында біліктілік орталықтарын дамыту қажет. Сондай-ақ Шетелде ІТ-жобалармен айналысатын отандастарымызды елге тарту керек. Бұл туралы цифрландыру мәселесіне арналған республикалық кеңесте Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

«Жоғарғы оқу орындарындағы ғылыми-зерттеу базаларында әрі «Алатау» ақпараттық технологиялар паркі» мен Назарбаев Университеті сынды инновациялық кластерлер аясында біліктілік орталықтарын дамыту қажет. Олар жаңа технологияларды енгізуді, оның ішінде экономика салаларын цифрландыруды ілгерілетіп, жаңғыртуға жәрдем берулері керек», - деді ол.

Осы орайда Елбасы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің аумағында ІТ-стартаптар технопаркі құрылатынын алға тартты. Оның айтуынша, бұл орталыққа білімді де талантты жастар мен мамандарды тарту қажет.

«Ол жаққа идеялары бар жастар мен талантты адамдар үшін барлық жағдай жасалады. Ол біздің және әлемнің талантты мамандарының идеяларын, технологияларын, цифрлық шешімдерін тартатын орталыққа айналуы шарт. Олар біздің мектептерде, жоғары оқу орындарында және мамандар арасында бар екендігін білемін. Олар үшін барлық жағдайын жасау керек. Сонымен қатар шетелде жұмыс істеп, ІТ-жобалармен айналысатын біздің азаматтарға назар аударып, осы жобаға тарту қажет», - деп түйіндеді сөзін президент.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер