BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.65 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 393.33 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.67
Астана:

Мемлекет басшысы ЕЭО елдерін IT саласында бірігуге шақырды

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев цифрландыру мәселесіне арналған республикалық кеңесте Еуразиялық экономикалық одақ елдерін IT саласында бірігіп жұмыс істеуге шақырды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Дамыған 30 елдің қатарына кіру – біздің мақсатымыз. Тұтас экономика осы үшін жұмыс істейді. Ол үшін экономиканың жыл сайын кем дегенде 5-6%-ға өскені қажет. Біз «Қазақстан-2050» бағдарламасын қабылдаған кезде цифрландыру туралы ойлаған жоқпыз. Ал қазіргі таңда экономиканың 5-6%-ға өсімі емес, одан да жоғары көрсеткіш туралы айтылуы керек. Сонда ғана ісіміз алға жүреді. Осы туралы ойлануымыз керек. Шығын шығару қажет. Бірақ ол нәтижеге сай болуы шарт», - деді Елбасы.

Осы орайда Елбасы ЕЭО құрамындағы кейбір елдерді осы салада бірігіп жұмыс істеуге шақырды.

«Мен Ресей, Қазақстан және Беларусь елдерін (сандық экономика бойынша – автор) біріккен бағдарламаны іске асыру бойынша біріккен комиссия құруды ұсынамын. Бірақ алдымен цифрландыру бойынша біріккен комиссия құрып, жұмысты алға жылжытуымыз қажет. Себебі, осы салада көптеген тәжірибе бар. Бізде мамандар жеткілікті. Бір-бірімізге көмектесе аламыз. Мұнда Ресейдің мүмкіндігі жоғары», - деп толықтырды Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев сын-ескертпелерді ескере отырып, бірлескен цифрландыру бағдарламасын жетілдіруді, оны нақтылауды және 2017 жылдың соңына дейін іске кірісуді тапсырды. Елбасы 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап оның орындалуын ай сайын өзі бақылап отыратынын айтты.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер