BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Инвестициялар және даму министрлігі мен «МИСиС» ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Астанада 25-ші Дүниежүзілік тау-кен конгресі аясында Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі мен «Ұлттық ғылыми-технологиялық университеттің МИСиС жоғары кәсіби білім берудің федералдық мемлекеттік автономды білім беру мекемесі арасында меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Қол қою рәсіміне ҚР Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Роман Скляр және «Ұлттық ғылыми-технологиялық университеті Федералды мемлекеттік автономды білім беру мекемесінің оқу-әдістемелік бөлімінің проректоры Вадим Петров қатысты.

Келісімнің мақсаты - білім беру бағдарламалары мен стандарттарын әзірлеу мен сараптау саласындағы ынтымақтастықты қамтитын бірлескен жобаларды дайындау және жүзеге асыру; техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде менеджерлерді, инженерлер мен педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру, қайта даярлау және біліктілігін арттыру саласындағы ынтымақтастық; кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру саласындағы әртүрлі мамандық бойынша ақпарат алмасу, құжаттар, жинақталған тәжірибе және MMC саласындағы қызметкерлерді кәсіби даярлауды жақсартуға көмектесетін басқа да маңызды аспектілер.

Естеріңізге сала кетсек, 19 маусымда Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 Конгресс-орталығында Дүниежүзілік тау-кен конгресі 2018 өз жұмысын бастады. Осы жылы Конгресс үш мерейтойлық күнді біріктірді: ДТК құрылған күннен бастап 60 жыл, 25-ші мерейтойлық ДТК және Астана қаласының 20 жылдығы. Сондай-ақ, республикалық тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығының атқарушы директоры Николай Радостовец Қазақстан тау-кен металлургия индустриясы үшін ДТК өткізудің нақты тиімділігі қандай екеніне тоқталды. Мұнымен қатар, Жеңіс Қасымбек Тау-кен конгресі сайтының қазақ тілінде ақпарат таратпағаны үшін кешірім сұрады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер