BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 338.78 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.82 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.35
Астана:

Халықаралық сарапшылар Астанада Жаңғыртудың ұлттық стратегияларының келешегін талқылайды

Фото: Liter.kz

2018 жылдың 15 маусымында Қазақстанның елордасы Астана қаласының 20 жылдық мерейтойын атап өту шеңберінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының 25 жылдығына арналған «Жаңғыртудың ұлттық стратегиялары: жетістіктері мен келешегі» атты халықаралық конференциясы өтеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Орталық Азия елдерінде орын алып отырған қазіргі әлеуметтік-саяси үдерістер аймақтағы өзіндік ұлттық ерекшеліктерге ие жаңартылған күн тәртібінің өзектілігі артқанын көрсетеді. Сонымен қатар, тұрғындардың өмір сүру салтының басым бөлігін қамтитын жаңарулар өзара ұқсас үрдістерге де ие. Жалпы, келесі бағыттар бойынша белсенді шараларды атап көрсетуге болады:

Біріншіден, әлеуметтік саясат фокусындағы жаңғырту. Мәселен, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев өмір сүру сапасы мен халықтың жекелеген категорияларының әл-ауқатын жақсарту бойынша тікелей сипаттағы Бес әлеуметтік бастаманы ұсынған болатын. Өзбекстанда 2017-2021 жылдарда Дамудың бес басым бағыты бойынша ықпал ету Стратегиясына сәйкес әлеуметтік саланы, соның ішінде білім берудің жаңа әдістерін енгізу, мектепке дейінгі білімді дамыту, оқытушылардың еңбекақысын көтеру бойынша ынталандыру шаралары қолданылып келеді. Осыған ұқсас міндетті Қырғызстан Үкіметі де «Жаны доорго – кырк кадам» атты Бағдарламасы шеңберінде алдына қойып отыр, онда әлеуметтік теңдікті өлшеудің халықаралық индекстеріндегі орындарын жақсарту мен білім беру және денсаулық сақтау сапасын көтеру индикаторы болып табылатын тұрғындардың әлеуметтік жағдайы жатыр.

Екіншіден, экономиканың цифрлық секторын қалыптастыру және электронды мемлекеттік қызметтерді ұсыну. Қазақстандық «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасымен қатар Өзбекстанда 2017-2021 жылдарда Дамудың бес басым бағыты бойынша ықпал ету Стратегиясы шеңберінде экономикада электронды сауда алаңдарын енгізу арқылы, елдің қоғамдық-саяси өмірінде «онлайн-петициялар», виртуалды қабылдау және т.б. жүйесін кіргізу арқылы цифрлық технологиялардың болуының күшеюіне үлкен мән беріледі. Қырғызстанда «Таза коом – 2040 цифрлық трансформация бағдарламасы» жобасы жүзеге асырылуда, оның негізгі мақсаты мемлекеттік органдар қызметін цифрлық технологиялар жазығына аудару болып табылады.

Үшіншіден, ұлттық нарративтің сақталуын қажет деп табатын ұлттық бірегейліктің нығаюы, оған деген сұраныс жаһандық үрдістердің ықпалының күшеюімен шартталған. Жаңғыртуға бетбұрыс қоғамның әлеуметтік-мәдени дамуының апгрейдіне бағытталған қазақстандық «Рухани жаңғыру» бағдарламасында көрініс тауып отыр. Белгілі деңгейдегі реновациялар Тәжікстан мен Түрікменстанда жүзеге асырылуда, сондай-ақ, онда өзіндік ерекшелікті қолдауға ұмтылыс сақталған.

Осы орайда алдағы өткізілетін конференция аймақтағы ары қарайғы ынтымақтастықтың жаңа қырлары мен ресурстарын бағалауға және ашып көрсетуге, аймақтық дамудың негізгі мүмкін қауіп-қатерлерінің, сондай-ақ, Орталық Азия елдерінде болып жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық үдерістердің көрінісін түйсінуге мүмкіндік туғызады. Конференцияның жоғарғы статусы саяси жаңғыру, әлеуметтік-экономикалық, мәдени түрленулер мен сыртқы саясаттағы өзгерістер салаларындағы өзекті деген мәселелер бойынша пікір алмасуға және салмақты сұхбат ұйымдастыруға қолайлы жағдай тудырады.

Конференцияға Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің, «Нұр Отан» партиясының басшылығы, Өзбекстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық және аймақаралық зерттеулер институтының директоры Владимир Норов, Әзірбайжан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер орталығының директоры Фархад Мамадов, Тәжікстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер орталығы директорының бірінші орынбасары Сайфулло Сафаров, Қырғыз Республикасы Ұлттық стратегиялық зерттеулер институты директорының бірінші орынбасары Алмазбек Мусабеков, Қытай заманауи халықаралық қатынастар академиясының Орталық Азия институтының директоры Дин Сяосин, Ресей Сыртқы істер министрлігі Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының (Университеті) Орталық Азия және Ауғанстан мәселелерін зерттеу орталығының директоры Андрей Казанцев, «Ма´no» зерттеу бастамалары орталығының директоры Бахтиёр Эргашев (Ташкент), «Өркениеттер диалогы» Институты Ғылыми зерттеулерінің жетекшісі Алексей Малашенко (Москва), Марк Карпия атындағы Шығыс зерттеулер орталығының бас сарапшысы Иоланта Дарчевская (Варшава), сондай-ақ, Қазақстанның мемлекеттік және тәуелсіз сараптамалық құрылымдарының жетекші сарапшылары, халықаралық ұйымдардың жауапты қызметкерлері, дипломатиялық миссиялардың басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер