BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 338.78 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.82 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.35
Астана:

Елбасы жас министрлерге: Мен сендерге қызығамын

Фото: Абзал Қалиев

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан үкіметінің құрамын мақтады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысының пікірінше, Қазақстанның министрлер кабинеті – жас әрі білімді.

«Мен үкіметтің жаңа құрамын тағайындадым. Жас. Орта жас 40-тан 45 жасқа дейін. Ең жасы – 36-да болса, ең үлкені – 50 жаста. Олардың барлығы ағылшын тілін меңгерген, білімді. Батыс университеттерінде оқып білім алды. Міне, сіздерге өздеріңізді көрсетуге барлық мүмкіндік бар. Мен сендерге қызығамын. Біздің кезімізде, сендер сияқты жас болғанымда, оқу, өз Отаның үшін осындай үлкен проблеманы шешу мүмкіндігі болған жоқ. Сіздерде мүмкіндік бар, еліміз бар. Сүйікті істеріңіз де бар», - деді Президент цифрландыру мәселелеріне арналған республикалық кеңесте.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер