BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 338.78 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.82 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.35
Астана:

Елбасы «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жетілдіруді тапсырды

Фото: Бауыржан Жуасбев

Бүгін Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен цифландыру мәселелері жөніндегі республикалық кеңес өтті. Жиында Елбасы «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын Үкіметке кері қайтарып, жылдың соңына дейін бағдарламаны аяқтауды тапсырды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

«ҚР Президенті жанынан арнайы комиссия құруымыз қажет. Жұмыс істеуші орган ретінде министр мен оның офисі болады. Ескертпелерді назарға алып, аталған бағдарламаны аяғына дейін бітіру қажет. Жылдың аяғына дейін уақыт беремін. 1 қаңтардан бастап, әр ай сайын жеке өзім бақылап отырамын. Керек жерінде көмектесемін. Сәттілік тілеймін», - деді президент.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен цифландыру мәселелері жөніндегі республикалық кеңес өтті. Жиын барысында мемлекеттік органдардың, отандық компаниялардың және түрлі ұйымдардың 30-дан астам IT жобалары ұсынылды. Сол жерде Үкімет басшысы «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын көпшіліктің назарына ұсынды. Аталған шараны ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен «Зерде» холдингі ұйымдастырды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер