BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.65 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 393.33 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.67
Астана:

Банктердің клиенттермен өзара қарым-қатынасы жаңа деңгейге шықты – Ақышев

Фото: Ұлттық банктің баспасөз қызметінен

Қазақстан банктері клиенттерге онлайн режимде 24/7/365 форматында қызмет көрсетуге біртіндеп өтіп жатыр. Бірқатар банкте дауыс арқылы тану, фотосурет немесе бейнекөрініс негізінде адамның бет-әлпетін сканерлеу секілді биометриялық технологиялар қолданылуда. Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Цифрландыру мәселелері жөніндегі республикалық кеңесте ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандық банктердің клиенттеріне шот, төлем карточкасын, депозит ашу, кредит алу үшін банк бөлімшесіне келуі міндетті емес. Барлық қызмет онлайн көрсетіледі. Банктердің клиенттері әлеуметтік желілердің көмегімен төлемдер жүргізіп, өзге де қаржылық қызметтерді ала алады.

«Смартфон клиенттің банкпен қарым-қатынас жасауының жаңа арнасына айналуда. Ұлттық банк Үкіметпен және банк қоғамдастығымен бірлесіп мобильдік қаржылық қызметтерді дамыту жұмысын жүргізіп жатыр. Мобильдік құрылғыны нақты уақытта пайдалана отырып, оның ішінде телефон нөмірімен азаматтар арасында төлемдер жүргізуге мүмкіндік беретін мобильдік төлемдердің P2P деп аталатын жаңа буынын жасау мәселесі қарастырылуда», - деді Д.Ақышев.

Мұндай шешім, оның айтуынша, төлемдерді жылдам әрі қолайлы жүргізуге мүмкіндік береді.

«Ұлттық банк өз тарапынан 2016 жылғы қарашада «ҚҰБ Online» мобильдік қосымшасын іске қосты, оның негізгі екі функциясы бар. Біріншіден, телефоны бар кез келген адам Ұлттық банкке сұрақ қойып, жауапты 5 сағат ішінде өзінің телефоны арқылы ала алады. Екіншіден, қаржы саласындағы жаңалықтар мен маңызды оқиғалар шұғыл түрде жіберіліп отырады», - деді Д.Ақышев.

Ол «ҚҰБ Online» мобильдік қосымшасы жұмыс істегеннен бергі 10 айда 10 000-нан аса пайдаланушының тіркелгенін, азаматтардан 2 000-нан аса өтініш келіп түскенін атап өтті.

«Сонымен бірге Ұлттық банк жаңа технология – халықтың бағалы қағаздарды сатып алу және сату операцияларын блокчейн негізінде жүргізуіне арналған мобильдік қосымшаны әзірлеуді аяқтады. Пилоттық жобада Ұлттық банктің қысқа мерзімді ноттарын пайдалану қаралады. Ұсынылып отырған шешім азаматтарға онлайн режимде Ұлттық банктің ноттарын брокерлер мен дилерлер арқылы делдалдарға жүгінбей-ақ телефоннан сатып алуға және сатуға мүмкіндік береді. Салық пен комиссия төлемей. Абсолюттік өтімділік және иелену мерзімдері бойынша ешқандай шектеулер жоқ», – деді Ұлттық банктің басшысы.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер