BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.63
Астана:

Бақытжан Сағынтаев цифрландыру мәселесінде қандай салаларға басымдық берілетін айтты

Фото: Абзал Қалиев

Бүгін Үкімет «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының жобасын назарларыңызға ұсынады. Бұл еліміздің технологиялық тұрғыдан дамуына тың серпін береді. Аталған бағдарламаны жасау барысында Үкімет тарапынан ғаламдағы сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктер ескерілді. Бұл туралы цифрландыру мәселелері жөніндегі республикалық кеңесте ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

«Бүгін Үкімет «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының жобасын назарларыңызға ұсынады. Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, цифрлық трансформация сіздің тарапыңыздан Қазақстанның үшінші жаңғыруындағы негізгі магистральді бағыт ретінде анықталған. Бұл еліміздің технологиялық тұрғыдан дамуына тың серпін беріп, 2050 жылы дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіруге мүмкіндік беретін тәсіл. Аталған бағдарламаны жасау барысында Үкімет тарапынан ғаламдағы сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктер ескерілді. Осыған байланысты 2 бағыт анықталды», - деді ол.

Осы орайда Үкімет басшысы оның қандай бағыттар екеніне тоқталды.

«Біріншіден, цифрландыру процесінің тұрақты болуы үшін инновациялық дамуды қамтамасыз ететін ұзақ мерзімдегі инститтуттарды құру. Екіншіден, бағдарламаның ойдағыдай жүзеге асуы үшін нақты секторды нақты жобалармен қамтамасыз ету. Осы орайда Үкімет жеңілдетілген цифрландыру стратегиясын таңдады. Ол 9 негізгі секторда жүргізіледі. Сонымен қатар, энергетика, шикізат және АӨК, өндіріс, логистика салалары мен ақпараттық технологиялар орталығына басымдық беріледі», - деп түйіндеді сөзін ҚР Премьер-министрі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
07 Желтоқсан 2017, 19:13
Қазақтың саны қанша 2
Пікірлер