BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 375.9 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.56 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Өзбекстанда Абай кеші өтті

Өзбекстанның Термез қаласында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың шығармашылығына арналған «Жақсылық пен достықтың жаршысы» тақырыбында әдеби кеш өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі uza.uz сайтына сілтеме жасап.

Аталған шара «Қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абай Құнанбаевтың шығармашылығын зерделеу және оны насихаттау туралы» Өзбекстан Президентінің қаулысына сәйкес ұйымдастырылған.

Мәдени шараға ақын-жазушылар, ғалымдар, әдебиет сүйер қауым мен студент жастар және сол елде тұратын этникалық қазақтар қатысты.

«Өзбек пен қазақ халқы бұрыннан жақын көрші болып, достық пен келісімде өмір сүрген. Достық және әдеби байланыстарды нығайтуға Абайдың қосқан үлесі зор. Оның мейірімділікке, адалдыққа, достыққа, бейбітшілік пен келісімге үндейтін шығармаларын елімізде үлкен сүйіспеншілікпен оқиды. Оның халық тілімен жазылған «Әндері» - әдебиет қорында лайықты орын тапты», - деп жазады агенттік.

Ал осы кештің өтуіне мұрындық болған Сурхандарья облысының Адиб Собир Термези атындағы ақпараттық-кітапханалық орталығының жетекшісі М.Абдушукуров қазіргі жастардың Абай әлеміне, Абай шығармаларына қызығушылық танытуы қуантарлық жағдай екенін айтады.

«Жаһандану заманында жастардың Абайдың шығармашылығына қызығушылық білдіруі өте қуантады. Қазақ ақынының көпқырлы шығармашылығы жастарды Отанға деген махаббатқа, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге үйретуде үлкен рөл атқара бермек», - дейді М.Абдушукуров.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер