BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

"Қасиетті Қазақ Елі" атты xалықаралық өнер фестивалі өтеді

Астана, BAQ.KZ. Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының ұйымдастыруымен "Қасиетті Қазақ Елі" атты xалықаралық өнер фестивалі 2018 жылы 6-7 қараша күндері Астана қаласында өтеді. Фестивальде жыр мүшәйрасы, терме сайысы, қолөнер көрмесі көрсетіледі.

"Қасиетті Қазақ Елі" атты xалықаралық өнер фестивалінің
ЕРЕЖЕСІ

Мақсаты: Шетелдегі дарынды қазақтардың қолөнерді, сөз өнерін, термешілік дәстүрді меңгерудегі шығармашылық шеберлігіне баса назар аудару. Олардың отансүйгіштік, рухани, ұлттық нақышта жасалған бұйымдарын, істеген кәдесыйларын, өлеңдер мен орындаушылық шеберлігін насихаттау.
Міндеті: Елбасының биылғы Жолдауы мен Бесінші құрылтайда айтқан келелі ойларын шетелдегі қандастарымыз бен елге оралған ағайындар арасында насихаттау және олардың еңбегін көпшілікке жеткізу.

Қолөнер көрмесіне қатысу шарттары:
1. Қолөнер шеберінің жасына шектеу жоқ
2. Автордың өмірбаяны, толық мекен-жайы және жұмысы, телефоны көрсетілуі керек. Ұйымдастырушылар авторларға өздері көрсеткен байланыс телефондары арқылы хабарласады.
3. Өзі жасаған бұйымдарын фестивальде таныстыруы, жасау барысын көрсетуі, оның қазақ халқының өмірінде алар орны жайлы толық мәлімет беруі керек
4. Жасаған бұйымы, кәдесыйы заманауи, күнделікті тұрмыста қолдануға лайықты болуы керек
5. Әрбір автордың жасаған бұйымы талапқа сай болып, саны 5-7-ден аспауы керек.

Мүшәйра мен терме сайысының шарты:
1. Мүшәйра мен терме сайысына шетелде тұратын және елімізден тыс аймақтарда туып-өсіп, қазір атажұртқа оралған қазақ ақындары мен жыршы-термешілері қатыса алады.
2. Ақынның шығармасы бұрын еш жерде жарияланбаған болуы керек.
3. Бір ақын үш өлеңмен қатыса алады.
Бірінші өлеңі – атамекен, ел мен жер, елдік, патриоттық мәселелер, Астананың 20 жылдығы қатарлы тақырыптарда болуы міндетті;
Екінші өлеңі – Қожаберген батырдың туғанына 320 жыл толуына орай батырдың ерлігі мен өмірі туралы (міндетті);
Үшінші өлең – еркін тақырып.
4. Терме сайысы еркін тақырыпқа құрылады. Термешілердің орындаушылық шеберлігіне баға беріледі.
5. Термешілер қандай терме орындайтынын алдын ала хабарлауы керек.
6. Өлеңдер мен терме тақырыптары 2018 жылдың 1 қарашасына дейін қабылданады.
7. Әділқазылар алқасының шешімімен жеңімпаздарға арнайы жүлде тағайындалады.

Фестивальге шетелдегі диаспра өкілдерімен бірге, елге келіп өз өнерімен танылып жүрген өнерпаздар да қатысады. Талапкерлер өтетін уақыттан бір апта бұрын тіркеліп бітуі керек.
Байланыс номері: 8701 123 02 79 Дидар Болат. 8701 752 11 83 Қарлығаш Бекпатшақызы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер