BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.57
Астана:

ДҚҚ қандастар мәселесімен айналысатын жұмыс тобын құрды

Астана, BAQ.KZ. Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков мырза 27 қараша 2018 жылы Алматы қаласында оралмандармен кездесу өткізді. Осы кездесудің нәтижесінде Қауымдастық пен «Отандастар қоры» бірігіп жұмысшы тобын құрды.

"Жұмысшы тобының негізгі мақсаты - жекелеген адамдардың, бөлініп қалған отбасылардың арыз шағымын құзырлы мекемелерге жеткізіп, жинақталған мәселелердің оң шешімін табуына ықпал ету және бақылау. Жүмысшы тобының екі адамы іс-сапармен Алматы қаласына барып, арыз, шағым қабылдайды" - делінген ДҚҚ баспасөзының хабарламасында.

Жұмысшы тобының құрамында Дүниежүзі қазақтары қауымдастығынан Қарылғаш Бекпатшақызы, Рахым Айыпұлы, Серік Ахметов. «Отандастар қоры» КЕАҚ-ның өкілі Айгүл Қонақбаева, қоғамдық ұйым өкілдерінен Омарәлі Әділбекұлы, Мұқан Мамытқанұлы бар.

Жұмысшы тобының қабылдауы 30 қараша күннен басталады. Орны Алматы қаласы, Ш.Уалиханов 43. А.

Байланыс жасаушы Қарылғаш Бекпатшақызы, телефон: 8701 752 11 83


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер