BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Астанада әлем қазақтарының фестивалі өтеді

Астана, BAQ.KZ. Астанада шетелде тұратын отандастарымыздың қатысуымен «ҚАСИЕТТІ ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықаралық өнер фестивалінің салтанатты ашылуы өтеді.

Шараны ҚР Қоғамдық даму министрлігі, «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы және Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы бірлесіп ұйымдастырып отыр.

"Өнер фестивалінің мақсаты – отандастарымыздың шығармашылық және білім әлеуетін арттыру, оларға қатысты маңызды мәселелерді талқылау, туған тіл мен мәдени құндылықтарды игеруі тұрғысынан қазақ диаспорасына әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсету, талантты орындаушыларды анықтау және қолдау, ынтымақтастық және келісім салттарына жауап беретін музыкалық мәдениет пен өнерді дәріптеу, ұлттық өнерді екі жақтап байыту, өскелең ұрпақты төзімділік пен достық бағытында тәрбиелеу, тарихи тағдырлар мен мүдделердің ортақтығы түсінігін қалыптастыру" - дейді ұйымдастырушылар.

Фестиваль аясында үш номинация бойынша сайыс өтеді: мүшайра, терме және халықтық қолданбалы өнер. Сайыс ережесімен мына жерде танысуға болады.

Салтанатты шара шеттен келген қандастарымыздың қатысуымен 2018 жылғы 7 қарашада сағат 11.00-де Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер