BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 346.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 404.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.47
Астана:

«Жерұйық» саябағында «Be healthy – Будь здоров!» акциясы өтеді

Фото: xuatxuuc.com

Мемлекеттік қызметкерлер мен депутаттар спорттық акцияға қатысады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

11 шілдеде «Жерұйық» саябағында жыл сайын өткізілетін «Денсаулық жолы» акциясы шеңберінде «Be healthy – Сау бол!» ұранымен кең ауқымды спорттық шара өткізіледі.

Ауқымды шараға мемлекеттік қызметкерлер, депутаттар, қаланың медициналық қауымдастығы, спортшылар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен белсенді өмірлік ұстанымы бар барлық азаматтар қатысады.

Акцияны ҚР Денсаулық сақтау министрлігі елімізде халық денсаулығын сақтаудың негізі ретінде қоғамдық денсаулық сақтауды қалыптастыру мен дамыту жөнінде халықтың ақпараттандырылу деңгейін арттыру мақсатында ұйымдастырып отыр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер