BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 375.9 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.56 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Жас қыздардың түсік тастауы бойынша Қарағанды облысы көш бастап тұр

Астанадағы «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығында Мемлекеттік жастар саясаты мектебінің нәтижесі бойынша қорытынды сұхбат алаңы шеңберінде «Қазақстан жастары – 2017» Ұлттық баяндамасының презентациясы өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Ұлттық баяндама Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатының күйі және жастардың жағдайын талдауға арналған. Баяндамада әлеуметтік зерттеулер, мемлекеттік ұйымдардың ресми статистикалық және өзге мәліметтері негізінде қазақстандық жастардың әлеуметтік-демографиялық бейнесі көрсетілген; білім және ғылым, жұмыссыздық пен кәсіпкерлік, құқық, денсаулық, бос уақыт және қоғамдық-саяси белсенділігі салаларында жастардың жағдайына тереңдетілген талдау жасалған» - дейді ұйымдастырушылар.

Осы сараптама нәтижесінде 2017 жылдың алғашқы жарты жылдығы бойынша Қазақстан бойынша жасөспірімдер арасындағы босану жағдайының көрсеткіші анықталды. Алғашқы үштікте ОҚО – 1191 оқиға, Маңғыстау облысы – 628 оқиға, Алматы облысы – 503 оқиға тіркелген.

Ал осы жылдың алғашқы жарты жылындағы республикалық көрсеткіш бойынша 1418 жас қыз түсік тастаған. Бұл оқиға бойынша еліміз көлемінде Қарағанды облысы алдынғы орында. Бұл өңірде 2017 жылдың алғашқы алты айының өзінде 232 қыз түсік тастау әрекетіне барған.

Жас қыздар арасындағы ерте босану мен түсік тастау оқиғаларын зерттеуге 15 пен 18 жас аралығындағы қыздар есепке алынған. Ал мәлметтер ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің статистикасы мен түрлі жастар ресурстар орталығының зерттеулері негізінде дайындалған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер