BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 325.75 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 382.04 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Жақсылық Досқалиев мәйіттің донор болуына түсіністік танытуды сұрады

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі, қазіргі республикалық трансплантация бойынша координациялық орталықтың басшысы Жақсылық Досқалиев мәйіттің донор болуына түсіністікпен қарауды сұрады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол миы өлген адамның кемінде бес адамның өмірін ұзартуға атсалысатынын айтып өтті. Сол себепті, Досқалиевтің үндеуі негізінен марқұмдардың туысқандары мен жақындарына бағытталған.

«Қазақстандықтар мен отандастарыма үндеу жолдағым келеді. Адамның миы немесе өзі өлгенде оған ағзалары қажет емес. Оның жаны аспанға ұшады, ал мәйіті жер қойнына тапсырылады. Бірақ өлген адам кемінде бес адамның өмірін ұзарта алады. Бұл жерде бауыр, бүйрек, жүрек, өкпе және ұйқы безі сынды ағзалар туралы айтылып тұр. Дәрігер адамның миы өлді, оның ағзасы басқалардың өмірін ұзарта алады деген кезде, қазақстандықтардың дұрыс шешім қабылдайды деген ниеттемін. Қазақстандықтардың мені дұрыс түсінгендерін, марқұмның ағзасын өзге науқастарға беруге келіскендерін қалаймын», - дейді ол.

Қазіргі сәтте Қазақстанда 2 523 адам бүйрек (оның 51-і балалар), 532 адам бауыр (олардың 9-ы балалар), 130 адам жүрек (олардың 16-сы балалар) және 11 адам өкпе күтіп жүр.

«Марқұмның ағзаларын басқа адамдарға беруге келіскен ата-аналар, аға-әпкелер алдында басымды иемін», - дейді Жақсылық Досқалиев.

Естеріңізге сала кетсек, донордың мінез ерекшелігі трансплантация кезінде реципиентке қаншалықты берілуі мүмкін екеніне қатысты ақпаратты бөліскен едік.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер