BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 356.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.42
Астана:

Тұмау маусымы жақындап келеді – ДСМ

Фото: ашық дереккөзден

ЖРВИ-ның, (тұмауға ұқсас аурулардың) және тұмаудың эпидемиологиялық маусымы 2018 жылғы қазанда басталып, 2019 жылғы мамырға дейін созылады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстанда 2018-2019 жылдардың алдағы эпидмаусымында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымы бойынша Қазақстанда қолданылатын үшвалентті вакцинаның құрамына енгізілген тұмаудың үш штаммы болады: A (H1N1) - Мичиган, A (H3N2) – Сингапур, сондай-ақ B – Колорадо (линия B/Victoria).

Еске сала кетсек, өткен эпимаусымда тұмаудың 3 вирусы: A (H1N1), A (H3N2), сондай-ақ В вирусы айналымда қатар болды.

Мамандардың айтуынша, жыл сайын тұмауға қарсы вакциналар штаммы жаңарып отырады. Егу өткен маусымда айналымда болған вирустардың көмегімен жүргізіледі. Жұқтырудың алдын алудың осы әдісінің тиімділігі вакциналар қаншалықты болжанатын штаммды құруына байланысты.

«Тұмау инфекциясының дамуының бірқатар ерекшеліктері болады. Тұмаудың бірінші белгілері организмге түскен вирустың көлеміне, адамның иммундық жүйесінің жағдайына, вирустың типіне байланысты. Ауру инкубациялық кезеңнен басталады. Жұқтырудан бастап бірінші белгі пайда болғанға дейін бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін өтеді (орташа есеппен 2-4 күн). Аурудың белгілері өте жіті басталады, сондықтан, пациент ауру белгілерінің басталуын көбінесе нақты атай алмайды», - делінген хабарламада.

Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің ақпараты бойынша Қазақстанда қазан айынан бастап тұрғындардың 10%-ы вакцинацияланады. 2018 жылы бюджет қаражатына Ресейде өндірілген «ГРИППОЛ +» вакцинасының 1,5 млн. дозасы 1 млр. 200 млн.теңгеге сатып алынды. Вакцина A (H3N2) және A (H1N1) және В тұмау штаммдарының антигендерін қамтиды. Одан басқа Қазақстанда 3 өндірушінің тұмауға қарсы тағы 4 вакцинасы тіркелген. Бұл «Ваксигрип» және «Ваксигрип Тетра» Франция), «Инфлювак», (Нидерланды) және тұмауға қарсы вакцина (Қытай), оларды арнайы алдын алу ретінде пайдалануға болады.

«Өткен маусым бұрынғы маусымдарға қарағанда тұмау вирустары айналымының кеш басталуымен ерекшеленіп, алғашқы бірлі-жарым жағдай Астана қаласында қазан айының соңында тіркелген. Тұмау вирустарының белсенді айналымы ҚР барлық аумағында қаңтар айының басында анықталды және тұмауға оң сынамалардың ең көп саны ақпан айында тіркелді. 2017-2018 жылдардың эпидмаусымында республика бойынша ЖРВИ-ның 530 мың жағдайы, оның ішінде тұмаудың лабороторлық негізде 2118 жағдайы тіркелген болатын», - делінген хабарламада.

Тұмаудан басқа Қазақстанда тұмау емес вирустар айналымда болады. Өткен маусымда барлығы 3 мыңға жуық үлгі зерттелді, ол өткен маусыммен салыстырғанда 1,6 есеге көп, оның ішінде 4%-да оң нәтиже анықталды (1146 жағдай). Негізінен, риновирус, РС вирус, аденовирустық инфекция, парагрипп, метапневмовирус, бокавирус инфекция анықталады.

Естеріңізге сала кетейік, алдын алу мақсатында әрбір адам қалауы бойынша тұмауға қарсы ақылы түрде егу алуына болады. Егу халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның рұқсаты бар жекеменшік вакцинациялау орталықтарында, тұрғылықты жері бойынша егу кабинеттерінде жүргізіледі. Әртүрлі өңірлердегі ақылы егу кабинеттерінде тұмауға қарсы вакцинаның құны - 1600 теңгеден бастап 3500 теңге аралығында.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер