BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Томаш Бернард Пэта: Аборт жасатуға рұқсат беру – нағыз геноцид!

Астана, BAQ.KZ. Астанада «Қазақстанның өркениетаралық және конфессияаралық диалогқа қосқан үлесі» тақырыбында өтіп жатқан конференцияда елордадағы әулие Мария римдік-католиктік архиепархиясының архиепископы Томаш Бернард Пэта бүгінде Қазақстан қоғамында талқыланып жатқан «аборт мәселесіне» қатысты пікірін білдірді.

"Әйел адамның құрсағына біткен бала тұлға деп саналмаса да, ол – ең алдымен жан иесі. Ал, тіршілік иелерін шетінен өлтіру тарихта Ленин, Гитлер есімдерімен қатар аталады. Сонда ары таза қазақ халқының бүгінгі қоғамы кәмелетке толмаған қыздардың аборт жасауына оп-оңай рұқсат беріп қойса, мұндай қылмыстың үлкен түрінің бұрынғы геноцидтерден айырмасы қандай? Біз, епископтар, күрделі мәселенің салдарымен бұлай күресуге қарсымыз. Ендеше, қоғам болып бұған қарсылығымызды білдіруіміз қажет. Қазақтардың дүниетанымы, рухани жігерінің мұндай өзекті проблеманы басқаша шешуге қауқары жетпей ме? Керісінше, әлемде бейбітшілік пен келісімді насихаттап отырған мемлекет үшін бұл үлкен кемшілік болар еді деп есептейміз",-дейді Т.Пэта.

Ол кәмелет жасқа жетпеген қыздардың аборт жасауына рұқсат беруге қарсылықтарын ашық білдіру мақсатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне дейін үндеу жасап жатқанын және мұндай сорақылыққа билік өкілдерінің жол бермеуі керектігін жеткізді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер