BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Соңғы жылдары туберкулезден көз жұмғандар саны 5,4 есеге төмендеген – Мәлік Әденов

Фото: Автор

2000 жылдардың басында жыл сайын 4 мыңдай адам туберкулезден өлсе, өткен жылы бұл көрсеткіш 540 құрады. Бұл жайында Қазақстан Республикасы фтизиопульмонология ұлттық ғылыми орталығының директоры Малик Әденов БАҚ өкілдерімен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Бас дәрігер соңғы 10 жылда туберкулезбен ауруатындар 2,4 есеге төмендегенін, жыл сайын 6-7 пайызға азайып отырғандығын жеткізді.

«Орталық Азия мен Ресей елдерін алып қарайтын болсақ оларда мұндай төмендеу жоқ. Халықаралық конференцияда бұл көрсеткіш Ресейде жылына 1,5-2% ғана құрап отырғандығы айтылды. Соңғы жылдары бұл аурудан көз жұмғандар көрсеткіші 5,4 есеге төмендеген. 2000 жылдардың басында жыл сайын 4 мыңдай адам өлсе, өткен жылы бұл көрсеткіш 540 құрады. Бұған қалай қол жеткіздік дегенге келсек, 1998 жылы туберкулезге қарсы президенттің бұйрығы шықты және 1999 жылдан бастап Қазақстан бұл дертке қажетті барлық дәрі-дәрмекті сатып алуға көшті, яғни науқастар 100% мемлекет тарапынан емделді. Кез-келген адамнан бұл аурудың түрі байқалса оған қажетті барлық емді жасаймыз», - дейді ол.

Сонымен қатар ол ауруды алғашқы диагностикалық анықтау мәселесі үлкен маңызға ие екендігін айтып өтті.

«Қазір еліміздің барлық аймағында туберкулезді 2 сағатта анықтайтын озық технология енгізілген. 2013 жылға дейін біз сараптамаларды екі жарым айдай күтетінбіз. Науқасты стандартты түрде емдеп, оған нақты диагноз қоя алмайтынбыз. Қазір екі сағатта науқастың сілекейін тексеру арқылы туберкулездің бар-жоқтығы анықталады және қандай түрі екендігі де белгілі болады. Бұл әдістер тиімді әрі нақты ем қабылдауда үлкен маңызға ие», - дейді орталық директоры.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер