BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Шығыс Қазақстанда жаңа облыстық аурухана ашылады

Фото: ru.sputnik.kg

Астана, BAQ.KZ. Екі жылдан кейін Өскеменде жаңа медициналық мекеме ашылады. Құрылыс жұмыстарымен түрік компаниясы айналысады. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлайды.

26 қыркүйекте өткен халықаралық «Алтай инвест форумында» ШҚО әкімдігі түрік компаниясымен құрылыс жөнінде меморандумға қол қойылған еді. Бұл компанияның аурухана салуда өте көп тәжірибесі бар.

300 орынған арналған көпбейінді аурухана 19 тұрғын ауданында бой көтереді. Сондай-ақ, ол облыстық дәрежедегі мекеме болмақ.

Құрылыс жұмыстары 2019 жылға жоспарланып отыр. Жаңа облыстық аурухана 2020 жылы пайдалануға беріледі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер