BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Шекарашылар "Донорлар күнін" ұйымдастырды

Астана, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің Орталық аппаратында Донорлар күні ұйымдастырылды.

Республикалық қан құю орталығымен келісе отырып ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Әскери-медициналық басқармасы бұндай шараны дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіп отырады. Қан алуды РҚҚО-ның жылжымалы бригадасы әскери бөлімдерге барып, тікелей сол жерде жүзеге асырады.

"Тегін донорлық дәстүрге айналғаннан бергі уақытта Шекара қызметінің офицерлері арасында қан мен плазма беретін «штатты донорлар» пайда болды деуге де болады. Біздің әскерилердің тапсырған қандарының арқасында көптеген отандастарымыздың ажал тырнағынан аман қалғандығына сенімдіміз" - дейді шекарашылар.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер