BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.3 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Семейдегі ядролық медицина орталығы қолданысқа берілмейтін болды

Фото: altaynews.kz

Астана, BAQ.KZ. Орталықтың құрылысы 2013 жылдың желтоқсан айында аяқталуы тиіс еді. Осыдан алты жыл бұрын құрылыс жұмыстары басталған Семейдегі ядролық медицина орталығының іске қосылу уақыты қайтадан кейінге шегерілді. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлайды.

Көптеген дертті асқынбай тұрып анықтап, емдейтін бұл мекеме 2018 жылдың қазан айында ашылу керек болған екен. Бұл туралы былтыр жазда Семей қаласына жұмыс сапарымен келген ҚР Мәжіліс депутаттары арасында кеңінен талқыланған.

Бүгінгі күнде жоспар толығымен жүзеге аспай, өз нәтижесін бермей жатыр. Ең алғаш орталықтың құрылысы 2013 жылдың желтоқсан айында аяқталуы тиіс еді. Кейін тағы да кейбір адамдардың жіберген қателіктеріне байланысты тапсыру мерзімі 2015 жылға дейін ұзартылды. Осылайша игі істің соңы сиыр құйымшақтанып кеткен. Енді, міне, «Ядролық медициналық орталық» 2019 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Қазірдің өзіңде әлеуметтік желіде күрмеуі қиын түйіткілді мәселеге қатысты кереғар пікірлер көптеп жазылуда. Түптеп келгенде, барлығының көкейінде бір ғана сұрақ:«Нысанның салынуына бөлінген 6 млрд-қа жуық қаржы қалай игеріліп жатыр?».

Тіпті, елімізде дәл осы орталық ашылғанша 300 адамның ауруы асқынып, көз жұмған. Осындай статистикалық ақпаратты Шығыс Қазақстан өңірлік онкологиялық диспансер директоры Марат Сандыбаев мәлім етіп отыр.

Айта кетейік, Қазақстанда күніне 100-ге тарта тұрғыннан рак ауруының белгілері анықталып, жылына 16 мың адамдай көз жұмады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер