BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Санитарлық дәрігер халықты мерзімі өткен, дұрыс сақталмаған азық-түлік туралы хабарлауға шақырды 

Фото: ОКҚ

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық қорғау комитетінің төрағасы, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин халықты тұтынушылық сауаттылық танытып, азық-түліктің мерзімі өтуі, дұрыс сақталмауы фактілері бойынша комитетке хабарласуға шақырды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Антибиотиктердің қалдықты көлемін анықтау бойынша бақылау жүргізу мақсатында ет консервілері, шұжық өнімдері, құс еті өнімдері, сүт өнімдерінің 2600 сынамасына зерттеу жүргізілді. Соның ішінде, 11 сынамада левомицитин мен тетрациклин тобындағы антибиотиктер құрамының шекті шамадан жоғары болуы анықталған», - деді ол.

Ж.Бекшиннің берген мәліметіне сәйкес, 37 тонна қауіпті өнімнің көзі жойылып, 500 кг бұрмаланған өнім сатылымнан алынған.

«Барлық анықталған фактілер бойынша 37 тоннадан астам қауіпті өнімнің көзі жойылды, 0,5 тонна бұрмаланған өнім сатылымнан шығарылды, сондай-ақ, 1,5 млн теңгеге айыппұл салынып, заң бұзушылықтарды жою туралы 62 ескерту беріліп, жалпы 249 жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Осы орайда халықты мерзімі өткен, таңбалануы жоқ, дұрыс сақталмаған секілді заң бұзушылықтар орын алса, бізге хабарласып, азаматтық белсенділік танытуға шақырамын. Бұл халықтың тұтынушылық сауаттылығын арттырар еді», - деп үндеу тастады комитет төрағасы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер