BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Прокуратуралық тексерудің арқасында медициналық мекемелердің қызмет құны төмендетілді

Фото: pavon.kz

Алматы қаласының прокуратурасы медициналық мекемелердің қызмет ұсыну заңдылығына талдау жүргізді, нәтижесінде 23 медициналық мекеме қызмет құнын төмендетті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Прокуратураның дерегінше, жүргізілген жұмыстар нәтижесінде туберкулезге қарсы диспансердің тұрғындарға беретін медициналық анықтамасының құны екі есеге, яғни 500-ден 250 теңгеге дейін төмендетілген.

«Талдау барысында 22 медициналық мекеменің медициналық анықтама беру қызметтердің өзіндік құнын негіссіз жоғарылатқаны анықталды», - делінген хабарламада.

Прокуратура енгізген актілер көрсетілетін қызметтердің құнын төмендетуге және алып тастауға мүмкіндік берген.

«Мысалы, басқа жақтан келген азаматтарға СПИД-тің алдын алу және онымен күрес жөніндегі орталықпен берілетін анықтама үшін 650 теңге мөлшеріндегі төлем алынып тасталды. Наркологиялық орталықпен берілетін анықтамалар құны 250-ден 180 теңгеге дейін, ал Психикалық денсаулық орталығы – 250-ден 205 теңгеге төмендетілді»,- делінген хабарламада.

Сонымен қатар, 19 емханада тұрғындардан талап етілетін 083 және 086 нысандарының құны айтарлықтай азайтылған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер