BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Петропавлда алғаш рет ми ісігіне ота жасалды

Фото: Vesti.RU

Астана, BAQ.KZ. Петропавлда алғаш рет ми ісігіне шалдыққан науқасқа күрделі ота жасалды. Бұл туралы 24kz сайты хабарлайды.

Отаны 57 жастағы азаматқа Қазақстан Республикасы Президенті іс басқармасы медициналық орталығы ауруханасының дәрігері Азат Шпеков жасаған. Ота 8 сағатқа дейін жалғасқан, себебі науқастың мидағы ісігі алты сантиметрге дейін өскен екен.

Ақ халаттылар операцияның қиынға соққандығын айтып отыр. Жалпы бұрындары солүстікқазақстандықтар мұндай ем-дом шараларын қабылдау үшін Астана қаласына арнайы баратын еді. Болашақта өңір дәрігерлері де осындай операцияны өздері жасамақ ниетте.

«Мұндай жағдай сирек кездеседі. Яғни ісік 6 см-ден асқан. Сондықтан біраз қиындықтар туындады. Петропавл дәрігерлеріне шеберлік сағатын көрсеттік. Енді өздері жасайтын болады. Ауруханының материалдық-техникалық базасы сай келеді», - дейді ҚР ПІБ Медициналық орталық ауруханасының нейрохирург дәрігері Азат Шпеков.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер