BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 375.9 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.56 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Медициналық сақтандыру қоры жыл басынан бері ұйымдарға 500 млрд теңге бөлген

Фото: ашық дереккөзден

Медициналық сақтандыру қоры жыл басынан бері медицина ұйымдарына 497,5 млрд теңге төлеген, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ жыл басынан бері Қазақстандағы медицина ұйымдарына 497,5 млрд теңге көлемінде қаржы бөлді. Аталған қаржы кепілдендірілген көмек шеңберінде халыққа тегін қызмет көрсеткен емдеу мекемелеріне 6 қыркүйекке дейін аударылған. Бұл - кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде бекітілген келісімшарттардың жалпы сомасының 65 пайызы», - деді Медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасының міндетін атқарушы Ботагөз Жақселекова.

Маманның айтуынша, кепілдендірілген көмек және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеттерінің қаржылық операторы болып саналатын Қор емдеу мекемелерімен кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті шеңберінде халыққа тегін көмек көрсету жөнінде келісімшарттар бекіткен болатын. Бекітілген келісімшарттардың жалпы сомасы - 768,4 млрд теңге.

«Жұмыс кестеге сай, медициналық қызмет сапасын бақылаудың жаңа талаптарына сәйкес жүріп жатыр. Бөлінген қаражат медицина мекемелерінің операциялық шығындарын өтеуге жеткілікті», - деді Б.Жақселекова.

Естеріңізге сала кетсек, бүгінгі таңда Қор мемлекеттік тапсырыс бойынша қызмет көрсетуге ниет білдірген 1365 медицина ұйымымен келісімшарт бекіткен. Оның 623-і – жекеменшік клиникалар. Биыл жеке клиникалар саны 2017 жылмен салыстырғанда 158-ге көбейген. Ал, олармен бекітілген келісімшарт сомасы өткен жылғыдан 2 есе артып, 110,6 млрд теңгені құраған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
15 Қараша 2018, 10:17
Теңгеге 25 жыл
Пікірлер