BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.98 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 428.7 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.64
Астана:

Ақтөбеде сал ауруына шалдыққан балалар енді иппотерапия манежінде емделе алады

Фото: ninetrends.ru

Астана, BAQ.KZ. Облыс әкімінің бастамасымен Ақтөбеде иппотерапия манежі салынып жатыр. Бұл туралы Aktobenews.kz сайты хабарлайды.

Өңірдегі иппотерапия мен мүмкіндігі шектеулі жандар арасында ат спортын дамыту жөнінде жиын өтті. Мамандар мүмкіндігі шектеулі жанды иппотерапия арқылы кәсіби спортқа тартуға болатынын айтты.

«Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысынан келген білікті оқытушылар жергілікті мамандарға иппотерапия әдісін үйретіп жатыр. Өйткені, мемлекеттік дәрежедегі сертификатты тек Өскемен қаласындағы университет береді. Басты мақсатымыз – Ақтөбе облысында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спортты дамыту. Себебі, иппотерапия әдісі арқылы спортқа келуге болады», - деді Ақтөбе облысы бойынша «Жас бала» қоғамдық бірлестігінің директоры, мүмкіндігі шектеулі жандар арасында ат спортынан ҚР чемпионы Сұлтан Жасыбай.

Облыстық мамандандырылған ат спорты түрлеріне арналған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі жанында жаңадан жабық манеж салынып жатыр. Жоспарға сәйкес, бұл нысан 2019 жылы қоланысқа беріледі.

«Алғаш рет мұндай манеж Бердібек Машбекұлының бастамасымен Шығыс Қазақстан облысында ашылған болатын. Аймақ басшысының тікелей тапсырмасымен Ақтөбе облысында да сондай екінші жоба жүзеге асырылып жатыр және келер жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде. Ендігі мақсатымыз – сол манежде сал ауруына шалдыққан балаларды емдей отырып, әрі қарай спортқа бейімдеу болып табылады», - дейді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы Аманбай Шағылбайұлы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер