BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Қазақстандықтарға медициналық қызметті алған сайын SMS-хабарлама келіп отырады

Фото: ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Астанада өткен республикалық семинар-кеңесте цифрландыру қазақстандықтарға медициналық қызметті алуда жаңа мүмкіндіктер беретінін атап өтті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Ведомство басшысының сөзінше, жақын арада sms-хабарлама арқылы медициналық қызметті алғанын растау мүмкін болатын сервис іске қосылады.

«Цифрландыру бізге тәртіп орнатуға көмектеседі. Не дегенмен кері байланыс қажет. Біз қазір тегін қызметті, дәріні алғаннан кейін, соның ішінде ауруханаға жатқызылғаны туралы SMS-хабарландыру келіп түсетін жүйені әзірлеп жатырмыз және алған-алмағанын растайтын жауап беру функциясы болады. Кері байланыс өте көп нәрсені көрсетеді», - деді Біртанов.

Ол әр адамның мобильді қосымша арқылы скринингтен өткен-өтпегенін, дәріні алған не алмағанын көре алатынын атап өтті.

«Осы жылдан бастам біз барлық компанияға міндетті талаптар енгіздік. Оның ішінде емханаларда міндетті түрде өзінің мобильді қосымшасы болуы тиіс. Мобильді қосымша ем қабылдайтын адамды автоматты түрде дәрігерге қоса алады. Бұл функцияны әрі қарай жетілдіріп, оның ішінде скринингтен, медициналық бақылаудан өтті ме, жоқ па осыларды дер кезінде хабарландыру арқылы біліп отыратын болады», - деді министр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер