BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.57
Астана:

Қазақстанда алғаш жүрегін ауыстырған адам кім?

Фото: popmech.ru

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Күн сайын орташа есеппен 400 қазақстандық дәрігерлер көмегіне жүгініп, сырқаттанып қалған 8 мың адам ауруханаға жатқызылады. Бұл туралы Астанада өткен «Денсаулық сақтаудағы инновациялар» халықаралық ғылыми - практикалық форумында айтылды.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша, елімізде күн сайын мыңнан астам әйел ана атанады. Хирургтар бір тәулікте 2 мың науқасқа ота жасаса, жедел жәрдем қызметі күніне 20 мың адамның үйіне шақырту бойынша барады.

«Бұл сандардың артында медицина қызметкерлерінің орасан зор еңбегі мен ажалдан арашаланған мыңдаған өмір тұр. Қазақстанда балалар онкологиясы қызметі де қарқынды дамып келеді. 2012 жылдан бері 98 сүйек кемігін трансплантацияладық. Жақын арада сүйек кемігін трансплантациялау үшін балаларды шетелге жібермей қоюға болатын жағдайға жетеміз», - дейді ол.

Отандық медицинаның қарқынды дамуының тағы бір көрінісі ретінде Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықты айтуға болады. Бұл жерде жүрек ауыстыру отасы жасалады.

«Осыдан бес жыл бұрын Қазақстанда алғаш рет жүрек трансплантациясы жасалды. Адамның дене мүшесін ауыстыру – саламатты өмір салтына оралуға зор мүмкіндік. Қазақстанда жүрегін ауыстырған бірінші адам – Жәнібек Оспанов. Ол ота жасалғаннан кейін әке болғанын айта кету керек. 29 маусымда Жәнібек бастаған қазақстандық команда дене мүшелері трансплантацияланғандар арасында өткен бүкіләлемдік спорттық жарысқа қатысып, алтын медаль иеленіп келді. Бұл Қазақстан үшін де, еліміздегі медицина саласы үшін де үлкен жетістік», - дейді Елжан Біртанов.

22-23 қараша күндері Астана қаласында жылдың ең басты медициналық шарасы өткенін жазған болатынбыз. Отандық және шетелдік білікті дәрігерлердің қатысуымен өтіп жатқан форумда болашақ роботты хирургияда екені, сондай-ақ соңғы үш жылда Қазақстанда ЭКО арқылы 14 000 сәби өмірге келгені айтылды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер