BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Қарағандылық нейрохирургтерді омыртқаға инновациялық оталар жасауға үйретеді

Фото: karaganda-region.gov.kz

Астана, BAQ.KZ. Мақажанов атындағы клиниканың нейрохирургтерін омыртқаға инновациялық аз тілінетін ота жасауға үйретеді. Тәжірибелік шеберлік-сыныптарымен Қарағандыға Новосібір қаласының Я. Л. Цивьян атындағы травматология және ортопедия ҒЗИ маманы Александр Крутько келді. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Қарағандылық дәрігерлерге таныстырылған хирургиялық емдеу әдісі сагитталдық баланс – омыртқаның барынша тұрақтануы үшін оның барлық иілімдері мен бөлімдерінің тепе-теңдігін ескере отырып, омыртқа бөліктерін ауыстырудан құралады. Бұл тәсіл күрделі дайындықты талап етеді: дәрігерлер емделуші омыртқасының жағдайын бағалайды, сагитталдық баланс сақталуы үшін арнайы формулалардың көмегімен есептеулер жүргізіледі. Әдетте, осындай хирургиялық араласудан соң қосымша оталар жасау керек емес, омыртқа бірден физиологиялық нормасына келіп, ауыртпалықтар басылып, пациенттер өз бетімен жүре алады, негативті салдардың болу болжамы минималды.

«Әріптестеріміз бізді Қарағандыдағы базаларына шақырды. Біздің тәжірибеміз оларға да, ем алуға келген пациенттерге де пайдалы болады деген үміттеміз. Біздің шеберлік-сыныптың жоспары келесідей: алдын ала біз ота жасайтын пациентті таңдаймыз. Бес науқастың ішінен біз кімге тез әрі нәтижелі көмек көрсете алатын біреуін таңдаймыз. Ал үлкен оталарды біз әзірге қоя тұрамыз, оқу тарапынан дәрігерлер үшін және емделушілер үшін де пайдалы болатынына үмітіміз зор. Технологияға келер болсақ, біз оны күн сайын қолданамыз, бұл соңғы 10 жылдағы әлемдік технология. Оның ерекшелігі – есеп жасап, математикалық модель бойынша барлық отаны жоспарлауға болатынында», - дейді Александр Крутько.

Шеберлік-сыныбы екі бөлімнен құралады – теориялық және тәжірибелік. Бүгін қарағандылық дәрігерлер Александр Крутьконың жетекшілігімен рентген кескіндерін талдап, әлеуетті емделушілердің анамнездері мен диагнозын талқылауда. Ертең, 6 қарашада, ота жасалады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер