USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

Қант диабетіне шалдыққандар саны әр он жылда екі есеге артып барады

Бүгінгі таңда елімізде 277 мыңнан астам адам қант диабетімен ауырады. Осы дертке шалдығатындардың саны әр он жылда екі есеге артып келеді. Бұл туралы «Назар аударыңыз: Диабет жаныңызда!» жобасы аясында өткен басқосуда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Зарина Аманжолова айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Назар аударыңыз: диабет жаныңызда!» жобасын 80-нен астам студент-ерікті қолға алған.

«Уақытылы тамақтанбаудан, ұйқының дұрыс болмауынан адамдар қант диабеті мен семіздікке шалдығып жатады. Сонымен қатар, әр он жыл сайын бұл ауру саны екі есеге артуда», - деді Зәуреш Аманжолова.

Зәуреш Жұманәліқызының айтуынша, өзге елдерде адам денсаулығына зиян тәтті сусындар сатқандарға ірі көлемде салық салынады. Аурудың алдын алу үшін осы сияқты шаралар біздің елге де қажет дейді ол.

ҚР «Диабеттік ағарту қоры» ҚБ атқарушы директоры Наталья Тукалевская жоба осыдан бір жыл бұрын Алматыдан бастау алғандығын айтты. Оның сөзінше, еріктілер 154 мектептің оқушыларын қандағы глюкозаны тексеруге шақырған. Нәтижесінде 24 мыңнан астам адам тексерістен өтіпті.

«Бұл аурудың адам жанына бататындай белгілері жоқ. Сол себепті, кейбіреулер қант ауруына шалдыққанын 5-10 жылдан кейін біліп жатады», - деп түсіндірді Наталья Тукалевская

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады