BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 341.18 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.97 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.34
Астана:

Қадір түнінде менингококк инфекциясын жұқтыру қаупі өте жоғары - ДСМ

Қадір түнінде менингококк инфекциясының таралу, жұғу қаупі өте жоғары. Себебі, адамдар бес-алты сағат бойы жабық кеңістікте бірге отырады. Бұл туралы еліміздің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Бұл қазір өте өзекті мәселе. Сондықтан, қазіргі таңда менингококк инфекциясының таралуына байланысты біз Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасымен осы мәселелерді талқылап, ұсыныстарымызды бердік. Айтарым, мұсылман қауымның осы күнгі тілектері қабыл болсын, бірақ, сақтану мәселесі - біздің денсаулық саласы қызметкерлерінің ең басты парызы, міндеті. Сондықтан, осы ауруды, дертті болдармау үшін бірнеше ұсыныс айтқым келеді. Біз имамдармен сөйлесіп, мешіттерде ылғалды тазалау жұмыстарын жүргізу және дезинфекциялық заттарды пайдалануды ұсындық. Мешіттердің ішіндегі желдету қондырғыларын қосу, істемесе, оларды жөндеп қою керектігін де айттық», - деді Бекшин ОКҚ брифингі барысында.

Маманның айтуынша, ораза айында көптеген қоғамдық іс-шаралар өтіп жатыр. Оның ішінде жұма намаз, халықты көп жинайтын Қадір түні де бар.

«Мешітке келген адамдар бір-екі сағат емес, бес-алты сағаттай тығыз қарым-қатынаста болады. Сондықтан, аурудың таралу, жұғу қаупі өте жоғары. Осы қауіпті мұсылман халқының есіне салғым келеді. Ол да біздің парызымыз, міндетіміз. Әрине, денсаулығы нашар, өзін жайсыз сезінетін адамдарға халық көп жиналатын орындарға баруды шекте деп айтуға болмайды. Бірақ, кейінгі уақытта осындай ұсыныстар беріп жатырмыз. «Сақтансаң, сақтаймын» деген сөз бар. Сондықтан, осы ұсынысты тағы да халықтың есіне салғым келеді», - деді Жандарбек Бекшин.

Атап өтсек, ҚМДБ төралқасының мәліметіне сай биылғы Қадір түні маусымның 11-нен 12-не қараған түніне сәйкес келіп отыр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер