BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 343.45 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 399.57 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.52
Астана:

Инсульт белгілерін білмеу салдарынан сал болып, көз жұматындар көп

Фото: bagiraclub.ru

Қазақстанда қарапайым халықтың инсульт белгілерін білмеуінен сал болып, көз жұматындар көп. Бұл туралы «Ұлттық нейрохирургия орталығының» инсульт мәселелері бойынша республикалық үйлестіру орталығының бас маманы Зәуреш Ахметжанова «Инсульт мектебі» атты ғылыми-практикалық конференцияда мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Өкінішке қарай, бүгінде біздегі үлкен проблема – инсульт алған адамдардың не сал болып қалуы, не көз жұмуы. Иинсульттің алғашқы белгілерін халық білмейді. Халық үшін түсірілген роликтерде олардың өміріне қауіп төндіретін алғашқы симптомдар туралы және қарапайым халық осы симптомдарды біліп, жәй ғана телефонды алып, жедел жәрдемді шақыру керектігі туралы айттық. Бұдан басқа ештеңе керек емес, яғни жедел жәрдемді шақырса жеткілікті», - деді нейролог.

Ол инсульт алған адамның жедел жәрдем қызметіне жүгінбей, екі-үш күн үйінде жататынын айта кетті.

«Осыдан кейін ғана станционарға келген кезде біз оларға ештеңе істей алмаймыз, себебі көмек әсер ететін уақыттан кешікті. Адам миында ауыр өзгерістер болғаннан кейін ештеңе жасай алмайсың. Бізге халықтың арасында салауатты өмір салты туралы тиімді насихат жүргізу қажет болып отыр»,- деді ол.

Дәрігер дұрыс тамақтанбау мен салауатты өмір салтын ұстамау инсультқа әкеп соқтыратынын атап өтті.

«Бізге келген шетелдік қонақтардың бәрі қазақстандықтардың күннің екінші бөлігінде тамақтануға әдеттенгенін айтады. Біз түн ішінде тұзды тамақтарды жегенді жақсы көреміз. Ал бұл қүретамырдың жоғарғы қысымына алып келеді. Тұзды көп қабылдау жоғары қысымға жеткізіп, инсульт пен инфаркттың болуына әсер етеді. Бірінші кезекте өз менталитетімізді, дәстүріімзді, ішкі дүниемізден өзгертуіміз қажет. Соны істеген соң ғана, салауатты өмір салты жаппай таралған соң және әрбіріміз осыны түсінген кезде ғана жағдай өзгереді. Ал оған дейін ештеңе өзгермейді»,- деді Ахметжанова.

Өкінішке қарай, жыл сайын Қазақстанда 40 мың адам инсультке шалдықса, оның 70 пайызы 40 жастан 70 жасқа дейінгі адамдар. Дәрігер енді ғана ата-ана, немере сүйіп жатқан ададамдардың осы аурудан қайтыс болатынына қынжылды.

«Сол үшін де инсультті алдын алу шараларын уақытында түсініп, зиянды әдеттерді тоқтату керек. Бұл қиын емес. Сақтықта қорлық жоқ дейді қазақтар, сақтану керек», - деп сөзін түйіндеді ол.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер