BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 338.78 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.82 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.35
Астана:

Халықаралық байланыстың дамуы елімізге кез келген инфекцияны әкелу қаупін туғызады – ДСМ

Фото: Абзал Қалиев

Халықаралық байланыстың дамуы елімізге кез келген инфекцияны әкелу қаупін туғызады. Бұл туралы елордада өтіп жатқан жұқпалы аурулардың алдын алуға арналған халықаралық конференцияда ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Қазақстанда соңғы 20 жылда жұқпалы аурулардың алдын алудың, яғни екпенің арқасында қызылша ауруы 59 есеге, қызамық ауруы 1300 есеге, эпидпаротит 160 есеге, «В» вирустық гепатиті 23,7 есеге, балалар арасында 52 есеге төмендеген. Ал көкжөтел ауруы тұрақты түрде төмен деңгейде сақталып отыр. Дифтерия мен сіреспе ауруларының бірлі-жарым жағдайлары кездеседі», - деді Ләззат Ақтаева.

Вице-министрдің айтуынша, соңғы жылдары республикада тұрақты санитарлық-эпидемиологиялық жағдай сақталып отыр. Яғни, жұқпалы аурулар кең тараған жоқ. Елге тырысқақ, іш сүзек, қылау аурулары әкелінген жоқ. Дифтерия мен сіреспе аурулары да тіркелмеді.

«Қазіргі таңда Африка мен Азия елдерінен Еуропа, Солтүстік Америка мен ТМД елдеріне адамдардың көшіп-қону деңгейі жоғары. Сондай-ақ, туризмнің, халықаралық, экономикалық және сауда байланыстарының дамуы бұрын елімізде тіркелмеген кез келген инфекцияны әкелу қаупін туғызады. Дәрігерлер осы мәселеге аса үлкен мән беріп, пациенттерге медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруы тиіс», - деді Л.Ақтаева.

ФОТО: Абзал Қалиев

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер