BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 340.27 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 396.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.39
Астана:

Елордада көпбейінді ауруханалар пайда болады

Фото: hyperassur.com

Астанада денсаулық сақтау инфрақұрылымының бірыңғай перспективалық даму жоспары таныстырылды. Науқастар медициналық көмекті бір жерде алуы үшін 2018 жылы Астанада көпбейінді стационарлар құрыла бастайды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Тимур Мұратовтың айтуынша, көпбейінді ауруханалар екі әдіспен құрылмақ.

«Бірінші кезекте, мұндай медициналық ұйымдарды жаңадан құратын боламыз. Олар көпбейінділік типі бойынша жобаланып, жоспарланатын болады. Біз қандай көпбейінділік жайлы айтып отырмыз? Мұндай аурухана кешенінде босандыру бөлімшесінен онкологиялық ауруларды емдейтін бөлімдерге дейінгі бөлімдермен қамтылады», – деді Астана қаласы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары баспасөз мәслихаты барысында.

Көпбейінді стационарларды құру әдістерінің енді бірі – бүгінгі таңда жұмыс істеп тұрған медициналық қызметтерді біріктіру арқылы ірілендіру.

«Болашақта бөлек онкологиялық, наркологиялық, психиатриялық және инфекциялық қызметтер біртіндеп жойылатын болады. Бұл қызметтердің барлығы бейінді станционарлардың құрамына кіретін болады. Дәлірек айтқанда, 2018 жылдан 2025 жылға дейін қазіргі күні жұмыс істеп тұрған ауруханаларды бір-бірімен біріктіріп, ірілендіру арқылы медициналық көмек көрсететін үлкен ұйымға айналдыруға тырысатын боламыз», – деп нақтылады Тимур Мұратов.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер