BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Елімізде қан тобы сәйкес келмейтін науқасқа бауыр алмастыру отасы жасалып жатыр

Онкология және трансплантология ұлттық ғылыми орталығында Сеул ұлттық университеті госпиталінің халықаралық денсаулық сақтау орталығының атқарушы директоры Кванг Вунг Ли мен ағзаларды транспланттау орталығының доценті Куинг Чул Ён елімізде алғаш рет қан тобы үйлеспейтін донордан бауыр алмастыру операциясын жасап жатыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Elorda.info-ға сілтеме жасап.

Осылайша біздің дәрігерлер қан топтары үйлеспейтін кезде тірі туыс донордан бауыр транспланттау технологияларын меңгеруде.

Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығының хиругия бойынша бас кеңесшісі Тоқан Сұлтанәлиевтің айтуынша, қазір ота жасалып жатқан науқас бауыр циррозына шалдыққан 55-56 жастағы адам. Оның қан тобы бірінші топқа жататын болса, донордың қан тобы екінші топқа сәйкес келеді. Жалпы әлемдік тәжірбиеде мұндай ота жеті жылдан бері жасалып келеді екен.

Сеул ұлттық университеті госпиталінің халықаралық денсаулық сақтау орталығының атқарушы директоры Кванг Вунг Ли:

«Осы отаны жасау үшін 2,5 жылдан бері келіссөздер жүргізілді. Нәтижесінде бүгін арнайы шақыртумен Қазақстанға келіп, шеберлік сынып көрсетіп жатырмыз. Қазақстан жоғары медициналық қызмет көрсету жағынан халықаралық талаптарға сай. Заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Алдағы уақытта мұндай күрделі оталарды отандық мамандар да жасай алатын болады», — деді ол.

Мәйіт донорлығы дамымаған Қазақстан үшін мұндай технологияларды меңгеру аса маңызды.
Айта кетейік, елімізде шамамен 300-ден астам адам бауыр алмастыруға, 3 мыңнан астам науқас бүйрек ауыстыруға кезекте тұр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер