USD 334.48 EUR 355.62 RUB 5.25
Астана:

Елімізде 800 мыңдай адам тұмауға қарсы егілді

Фото: www.inform.kz

Қазақстанда тұмауға қарсы вакцина егілуі тиіс тұрғындардың 53,8%-ына екпе егілді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, 19 қазандағы ақпаратқа сәйкес, елімізде тұмауға қарсы 782 мың 957 адам егілді. Бұл вакцина егілуі тиіс азаматтардың жалпы санының 53,8%-ын құрайды, оның ішінде 117 мың 410 медициналық қызметкер, 40 мың 321 жүкті әйел, созылмалы ауруы бар 206 мың 313 бала, 85 мың 118 оқушы, мектеп, жоғары және орта білім беру ұйымдарының 25 мың 197 оқытушысы мен студенттері, 45 мың 959 қария, жұмыс ұжымдарының 262 мың 639 өкілі бар.

Республиканың ірі қалалары мен өңірлерінде жүргізілген арнайы тексеріс барысында вакцина егілген жүкті әйелдер мен 1 жасқа дейінгі балалар арасында тұмау жұқтырғандар тіркелмегендігі анықталды.

Естеріңізге сала кетейік, тұмауға қарсы жаппай вакциналау 3 қазан күні басталған болатын.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады