BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.3 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

ДСМ: Жаңғыртудағы мақсат – медициналық қызмет сапасын жақсарту

Астана, BAQ.KZ тілшісі. "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" 2018 жылдың басынан бері халыққа қызмет көрсеткен отандық жедел жәрдем станцияларына 22,4 миллиард теңге бөлді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде "Қазақстан Республикасы төтенше және шұғыл медициналық көмек көрсетуді жаңғырту" тақырыбына арналған баспасөз конференциясында айтылды.

Атап айтатын болсақ, Қор Батыс Қазақстан облысындағы "Облыстық жедел медициналық жәрдем станцияларымен 31,5 млрд теңгенің келісім шартын бекіткен. 2018 жылы 1 қазанға дейін аталған ұйымға 806 млн теңге аударылды. Оның ішінде әдетте ұсталып қалатын аванс та бар.

"Көрсетілген қызмет ақысы бекітілген келісім талаптарына сай: қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер талабы бойынша тиісті мерзімде төленеді. Жұмысшыларға жалақыны дер кезінде төлеу мәселесі - әрбір жедел жәрдем ұйымының ішкі ісі және басшылық пен меншік иесінің құзіретіндегі шаруа", - дейді МСҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Ботагөз Жақселекова.

Еске сала кетсек, биыл Денсаулық сақтау министрлігі жедел жәрдем жүйесін реформаралға кіріскен болатын. Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігі жедел жәрдем станцияларының меншік иесі болып табылатын аймақтық денсаулық сақтау басқармаларының өтініші бойынша жедел жәрдем қызметінің тарифтерін көтеріп, жылдық бюджетті бөлу схемасын өзгерту туралы шешім қабылданған болатын. Қаражат биылғы жылдан бастап бөліне бастайды.

Бұдан басқа, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева жедел медициналық жәрдем қызметін модернизациялау жалғасып жатқанын айтты.

"Қазақстанда 7 миллион тұрғын ауылдарда тұрады, бұл жалпы халықтың 43 пайызын құрайды. Ауылды жерлерде жедел медициналық көмек қызметіне қолжетімділік шектеулі болды. Сол себепті былтыр шілде айында Денсаулық сақтау министрлігінің жаңғыртуға қатысты бұйрығы шықты. Қазіргі уақытта жедел медициналық жәрдем қызметін жаңғырту жалғасып жатыр", - дейді ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер