BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 365.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.6
Астана:

Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтердің тарифтерін бекітті

Фото: ашық дереккөзден

Елімізде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде халыққа тегін көрсетілетін медициналық қызметтердің тарифтері бекітілді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Ағымдағы жылғы қыркүйек айында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтердің тарифтерін бекіту туралы» бұйрыққа қол қойды.

Бұйрықта медициналық көмек (дәрігерге дейінгі, білікті, мамандандырылған, медициналық-әлеуметтік) және жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетуге тарифтер көрсетілген.

Бекітілген тарифтер – бұл мемлекеттің медициналық ұйымдарға бір емделіп шығу жағдайы үшін емдеуге бюджеттен өтейтін медициналық қызметтердің құны. Медициналық қызметтің құны пациенттерге көрсетілген медициналық көмектің күрделілік деңгейіне қарай құбылады. Осы бұйрықпен күрделі жағдайларды емдеу кезінде медициналық ұйымдар көтеретін шығыстарды ескере отырып, акушерлік-гинекологиялық және неонатологиялық бейіндер бойынша қызметтерге төлем енгізілген.

Бұйрық ТМККК шеңберінде және одан әрі МӘМС енгізу кезінде стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық қызметтерді көрсететін медициналық ұйымдарды, яғни Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен медициналық қызметтер көрсету туралы шарттары бар медициналық, оның ішінде жеке ұйымдарды қамтиды.

Осы тарифтердің – мемлекеттің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шегінде азаматтарға тегін көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған шығыстары екенін атап өту қажет.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер