BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.57
Астана:

ДДСҰ өкілі: Антибиотикті орынсыз қолдануды дәрігерлер емес, мемлекет қадағалауы керек

Фото: MedAboutMe

Астана, BAQ.KZ тілшісі. 12-16 қараша аралығында Дүниежүзілік антибиотиктерді дұрыс пайдалану апталығы өтеді. Апталық аясында Астанада «Бірыңғай денсаулық» тұжырымдама рухында адамның, жануарлардың денсаулығын қолдауды жақтау және қоршаған ортаның тазалығын сақтау тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Бүгін Астанада Дүниежүзілік апталық аясында ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы ДДСҰ-мен және Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығымен бірлесіп ұйымдастырған дөңгелек үстел өтті.

Онда Қазақстанда микробқа қарсы препараттарға төзімділікті азайту, антибиотиктердің зияны мен пайдасы, антибиотиктерді ҚР ветеринарлық қызметінде пайдалану және тағы да басқа мәселелер талқыланды.

Антибиотик біздің ағзамызға мал өнімдері арқылы да түседі. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі Олег Честнов айтты.

«Біздің өмірімізге қауіп қайдан келеді? Бұрын антибиотиктер адам өмірін ажалдан арашалап қалу үшін қолданылатын. Саусақпен санарлық антибиотик қана мал шаруашылығында қолданылатын. Ал қазір қалай? Қазіргі уақытта адамдарға ғана арналған емес, төрт түлік малға арналған антибиотиктер көптеп шығарылуда. Фармацевтика индустриясы бұдан көп ақша жасап жатыр. ДДСҰ-ға 124 мемлекет мүше, соның ішінде Қазақстан бұл мәселені шешу жолдарын ұсына алатын мемлекеттердің бірі. Бізге сөзден іске көшіп, антибиотикті жиі қолдануға тосқауыл қоюымыз керек. Бұл тосқауылды дәрігерлер емес, мемлекет қоюы керек, себебі дәрігер үшін антибиотикті қойып, науқастың өзін қадағалау қиын. Науқас өз бетімен емделуге бейім. Науқастың денсаулық жағдайының жақсы болуы 20% ғана дәрігерге байланысты», - дейді ол.

Олег Честнов антибиотиктердің зияны мен пайдасы және оны қабылдауға қатысты мәселе Қазақстанның әр тұрғынына қатысы бар тақырып екенін айтты.

«Антибиотиктерді ойлап табу арқылы инфекциялық аурулармен күресте революция жасалды. Өкінішке қарай, қазіргі уақытта оны орынды-орынсыз қолдана беру кесірінен адам мен жануарлар ағзасындағы микроағзалар ол антибиотиктерге төзімді болып барады. Жақын болашақта антибиотиктердің жер бетіндегі барлық адамға әсер ете алмай қалу қаупі төніп тұр. Демек, біз сіздердің балаларыңызды қарапайым бронхит, пневмония сияқты дерттерден аман алып қала алмайтын боламыз. Бұл саясаткерлер мен мемлекеттік шенеуніктерді аса ойландыруы керек мәселе, сол себепті антибиотиктерді орынсыз қолданумен күресте бәріміз бірігуіміз керек», - дейді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі Олег Честнов.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
09 Желтоқсан 2018, 10:00
Мүгедектік – қасірет емес
Пікірлер