BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 374.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

БҚО-да аса қауіпті аурулардың 10 ошағы анықталды

Батыс Қазақстан облысында аса қауіпті аурудың 10 ошағы тіркелді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Мой город» порталына сілтеме жасап.

Облыстық ветеринария басқармасының басшысы Серік Нұрмағанбетовтың айтуынша, осы жылдың басынан БҚО аумағында аса қауіпті аурудың 10 ошағы анықталған.

Эмфиземалы көршиқан ауруының 1 ошағы, құтыру дертінің 9 ошағы тіркелді, - дейді басқарма басшысы.

Сонымен қатар Ақжайық ауданында эмкар дертінің 1 ошағы, құтырудың 2 ошағы, Оралда құтыру дертінің 3 ошағы, Жангелді, Бөкей Ордасы, Сырым, Тасқала аудандарында құтыру ауруының 1 ошағы тіркелді.

Жүргізілген ветеринарлық іс-шаралар нәтижесінде малдардың аса қауіпті ауруының шығу ошағы азайғаны байқалады. Мысалы, 2014 жылы аса қауіпті аурудың 68 ошағы тіркелсе, 2016 жылы 44 ошақ, 2016 жылы 25 ошақ, 2017 жылы 14 ошақ, 2018 жылдан осы уақытқа дейін 10 ошақ анықталған.

«Облыстағы эпизоотиялық жағдай басқа аса қауіпті аурулар бойынша тұрақты», - дейді Серік Нұрмағанбетов.

Айта кетейік, биыл Батыс Қазақстан облысында ветеринарлық қауіпсіздікті сақтау үшін бюджеттен 999,7 млн теңге бөлінген. Оның ішінде эпизоотияға қарсы ветеринарлық іс-шараларды жүргізу үшін 883,3 млн теңге, бруцеллез ауруын жұқтырған малдардың иесіне шығынды өтеу үшін 60,4 млн теңге, қаңғыбас иттерді ұстап, оларды өлтіру үшін – 56 млн теңге бөлу жоспарланған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер