BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Біртанов халыққа неліктен тегін дәрілер жетпей жатқанын түсіндірді

Фото: ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Астанада медициналық қызметті жетілдіру бойынша өткен республикалық семинар-кеңесте еліміздегі дәріханаларда тегін дәрілердің тапшылығы не себепті туындағанын түсіндірді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

"Дәрімен қамтамасыз ету біз үшін проблема болып отыр. Осы жылдың басынан әкімдіктер мен Денсаулық сақтау министрлігі дәрі тапшылығы мәселесіне тап болды. Неліктен? Біз орталықсыздандырудан орталықтандыруға өту үшін жүйені өзгерте бастадық. Бұл нормативті құжаттарды өзгертуді талап етті, бұдан бөлек сатып алу кеш жүрді. Бізде бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан дәрімен қамтамасыз ету туралы ақпараттық жүйе бар. Онда дәрігердің қандай дәрі жазғаны, дәріні қай емхана бергені туралы нақты ақпарат көрсетеді. Барлық тегін рецептер осы жүйеде, яғни дәрігер жазады, емхана береді. 2,5 млн адам алады, деректер базасы бар. Адамдарға хабарласып сұрай бастағанда бІз алмадық деп айтты. Бірақ алды деп базада есептеледі. Соған сай тексеріс өткізіп, барлығы алынғанын көодік. Ал осы жүйеге қатысқан жеке дәріханаларда 4,5 млрд теңге қалдық ақша барын анықтадық",- деді Елжан Біртанов.

Ведомства басшысының сөзінше осыған қатысты бұзушылықтар болуы мүмкін деген деректерді Бас прокуратураға жіберген. Олар қылмыстық жағдай бар-жоғын алдағы уақытта анықтап, жұмыс істейтін болады.

"Осыған байланысты цифрландыру бойынша жұмыстарды аяқтау өте маңызды болып отыр. Бүгінде "СК-Фармация" барлық өңірге тегін дәрілердің жарты жылдық қажеттілігін іс жүзінде былтыр қағаз түрінде алған өтінімдер бойынша тиеп бітірді. Соған сәйкес өтінімдердің нақты емес екенін көрдік. Маусым мен мамырда әкім орынбасарларының қол қоюымен қажетті деген тегін дәрілерді алдық. Салмақты тапшылықтың барын көрдік. Осы тапшылыққа байланысты 23 млрд теңгені қосымша сатып алуға жібердік. Қазір дефицит болмауы тиіс", - деді министр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер