BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 346.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 404.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.47
Астана:

Біртанов босанған әйелдердің өлімі неден болатынын айтты

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елімізде босанған әйелдердің өлімі неден болатынын мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Өкінішке қарай, бүгінде республика бойынша аналар өлімі көбейіп отыр. Енді аталған көрсеткіш бірде жоғары, бірде төмен болып жатады. Аналар өліміне себеп болатын жағдайлар көп. Бұның барлығы жан-жақты зерттеледі. Дегенмен, бұған дейінгі жағдайларды алатын болсақ, талдаудың нәтижелері ауыр патологияның болғанын көрсетіп отыр. Ал ондай патологиялар болғанда бала көтеруге болмайды. Дегенмен, әйелдер оған қарамайды. Ал жүкті болғаннан кейін ауруxанаға дұрыс қаралмайды», - деді министр ОКҚ-де өткен брифингте.

Айта кетейік, осыған денсаулық сақтау министрі Астанада сәбилі болған үш әйелдің неден қайтыс болғаны алдағы уақытта белгілі болатынын хабарлаған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер