BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Бірқатар медициналық ЖОО-ға зерттеу университеті мәртебесі берілуі мүмкін

Астана, BAQ.KZ. ҚР ДСМ «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті», «Қарағанды медицина университеті» коммерциялық емес АҚ зерттеу университеттері мәртебесін беру және олардың Даму бағдарламаларын бекіту туралы» ҚРҰҚ жобасын әзірледі

"ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 752 қаулысымен бекітілген Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру бойынша 2014 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 7-тармағына сәйкес «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті», «Қарағанды медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамдарына зерттеу университеттері мәртебесін беру және олардың Даму бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын әзірледі" - делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Жобаны қабылдаудың мақсаты университеттердің білім беру және ғылыми-зерттеу әлеуетін әрі қарай жетілдіру. Бұл олардың жағдайын отандық және әлемдік зерттеу қауымдастығында нығайтады. Сонымен қатар, бүкіл әлем бойынша ғылыми-зерттеу ұйымдарының көмегімен қаржыландыруға және ынтымақтастыққа жаңа мүмкіндіктер береді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер