BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Бір жылда 15-19 жас аралығындағы 30 қазақстандықтан ВИЧ дерті табылды

Фото: Автор

Астана. BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасында 15-19 жастағы жастардың жыныстық және репродуктивті денсаулығы туралы әлеуметтік зерттеу жүргізілді. Бұл туралы бүгін БҰҰ-ның халық қоныстандыру саласындағы қоры, ұрпақтың денсаулығы мен құқықтарын қорғау жөніндегі жетекші агенттігі өткізген жиында айтылды.

«Осы жылы өте маңызды зеттеу жүргізілді. Еліміздегі 15-19 жас арасындағы азаматтардың репродуктивті денсаулығның қазіргі жағдайын анықтадық. Дәл осындай зерттеу Қазақстанда соңғы рет 2011 жылы жүргізілген болатын. Сол нәтижемен биылғы жылдың нәтижесін салыстыруға мүмкіндік алдық. Мұндай шара Республикалық СПИД орталығының қызығушылығын арттырды" - дейді СПИД-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталықтың бас директоры Бауыржан Байсеркин.

Оның айтуына қарағанда зерттеу Денсаулыслық сақтау министрлігігің қолдауымен жүргізілді.

"Недерланда каролдігіне ерекше алғысымды білдіремін, олар қаржылай көмек көрсетіп, арнайы мамандарды тартуға көмектесті. Зерттеу барысында бір жыл ішінде 15-19 жастағы азаматтардың арасында 30-дан астам ВИЧ дерті табылды. Мұндай нәтиже назарға бірден түсіп, осы тақырыптың көтерілуіне себеп болды. Осы азаматтардың 91% ВИЧ қалай жұғатынын білмегенін айтады. Салыстырмалы түрде 15-19 жастағы азаматтардың үшеуін алсақ, оның екеуі жыныстық жолмен қандай аурулардың таралуы мүмкін екені туралы, оның маңыздылығы жайында хабарсыз екені анықталды. Міне, сондықтан ерте жастағы жүктілік, вирусты аурулар, балаларды тастап кету және жасанды түсік оқиғалары көбейіп кетті», - дейді Бауыржан Байсеркин .

2017 жылдың қорытындысы бойынша, 15-19 жастағы жастар арасында жыныстық қатнас кезінде вирус таратқан 700 оқиға тіркелді. Оның 17% сифилис ал 44%-ы гонорея.

Зерттеу нәтижесі:

Зерттеу объектісі: 15-19 жастағы азаматтар
Зерттеу әдісі: 46 сұрақтан тұратын, анонимдік анкета
Зерттелген аймақ: Қазақсанның 14 облысында жүргізілді
Респонденттердің негізгі әлеуметтік-демографиялық сипаттамалары: 15 жастағы азаматтар – 16%, 16 жастағы азаматтар – 17%, 17 жастағы азаматтар – 16%, 18 жастағы азаматтар – 23%, 19 жастағы азаматтар – 28%. Ер балалар – 52%, Қыздар – 48 % құрайды.

74% – қазақтар, 18% – орыс азаматтары, 8% – өзге ұлт өкілдері.
Жыныстық қатнас тәжірибесінің болу: 15 жастағы азаматтар – 5%, 16 жастағы азаматтар – 10%, 17 жастағы азаматтар – 17%, 18 жастағы азаматтар – 38%, 19 жастағы азаматтар – 57%.

15-19 жастағы азаматтар арасында жыныстық қатнасқа түсетін орта есеппен 16,5 жас деп анықталды.

Фото: Автор


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер